Көктемгі аңшылық маусымға тыйым салынған

Сарысу ауданында  кәсіби аңшылар мен бірге бос уақытын саятшылыққа арнауды мақсат тұтқан  былайғы жұртшылық құс атып, балық аулап  қызықтайтын аңшылық шаруашылық-тар баршылық.

Соның бірі-«Агентево Миллениум  Сокол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «Жайлаукөл» аңшылық шаруашылығы. Бұл  жерде  айта кететін бір жәйт аталмыш аңшылық шаруашылығы 210702 гектар алқапты  алып жатқан облысымыздағы ең ірі аңшылық шаруашылығы саналады.

Мұндағы маңызды шаралардың бірі  деп қолда  аңға салатын жыртқыш құстарды ғылыми негізде өсіру, қолдан көбейту  шаралары  жүзеге асырылуда .Қазір арнайы осындай питомникте  50-ден астам құс өсірілуде. Сонымен бірге,  еліміздегі ең ірі  құстардың қатарына кіретін дуадақ құсын өсіруді де қолға алып отырған жайымыз бар. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз  күн санап жанданып келеді десек те болады.  Осы мақсатқа бағытталған нақты  жоспарларымыз да бар.

Жалпы, мылтық ұстаған  әрбір аңшы  табиғат қорғаушысы да бола білуі керек. Сондықтан , көпшілікті төмендегі жәймен хабардар етсем деймін.   Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 24.11.2016 жылғы №265 Бұйрығына сәйкес биыл үшінші жыл жануарлар дүниесін сақтап қалу және өсімін молайту мақсатында көктемгі аң аулауға тыйым  салынғанынан   көпшілік хабардар.

2019 жылдың 16 ақпаннан бас-тап 14 маусымға дейін (көктемгі) аң аулауға тыйым салынады. Аңдардың жыл сайын азаюына байланысты көктемгі аң аулауға шектеу, тыйым салу, жануарлар дүниесін сақтап қалу, өсімін молайту мақсатында заңнама енгізілген.

Заңсыз  аң   аулағандарға Қазақстан Республикасының  әкімшілік  құқық бұзушылық туралы Кодексінің 382-бабының I тармағы бойынша 5 АЕК айыппұл салынады.

Бұған қосымша  жануарлар дүниесіне келтірілген залалды өтеу талап етіледі.

Келтірілген залал аң  түріне қарай, Қазақстан Республикасының Ауыл  шаруашылығы министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/158 Бұйрығымен бекітілген «ҚР жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерімен» есептелінеді.Сондықтан, заң бұзушылыққа жол бермейік.

 

Новости в Вашем регионе