ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ

Ы.Сүлейменов атындағы орта мектебінде Республика көлемінде 4-17 сәуір аралығында өткізіліп жатқан «Қауіпсіз интернет» науқанына өз үлестерін қосу мақсатында «Бала болашағы үшін: «Қауіпсіз интернет» тақырыбында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Арынның ұйымдастыруымен ауқымды іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында «Қауіпсіз интернет» науқанының мақсаты мен міндеттері туралы толық мағлұматтар берілді. Әсіресе, кәмелетке толмағандардың және  педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыру. Сондай-ақ, интернет ресурстарды қолдану мәдениетін арттыру мақсатында жасөспірімдердің  интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты интернет қызметкерлерінің жауапкершілігін жоғарлату.

Осы мақсатта, Ы.Сүлейменов атындағы орта мектебінде арнайы іс-шара жоспары жасалып, сынып жетекшілері А.Бекова, Г.Баубековалардың ұйымдастыруымен «Пайдалы және қауіпсіз интернет», «Қауіпсіз интернет еліне саяхат»  тақырыбында сынып сағаттары мен ата-аналар жиындары өткізілді. Сонымен қатар, С.Жамантаева, Б.Жақсыпейіловалар «Қауіпсіз интернет» туралы психологиялық тренингтер ұйымдастырды. Ал, В.Байұзақова «Балаларға бала жасынан бастап қауіпсіз интернет қажет» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Өткізілген шаралардың мақсаты, ата-ана, педагог және балалардың интернет сауаттылығын көтеру, қатысушылардың интернет қауіпсіздігін сақтау, интернет жүйесінде әңгімелесу барысында әдептілікті,  мәдениеттілікті сақтау және құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру.

Қорыта айтқанда, Ы.Сүлейменов атындағы орта мектебінде өткізілген «Қауіпсіз интернет» іс-шарасы баланың болашағы үшің аса маңызды құнды дүние болып табылатынын ұмытпағанымыз абзал.

Новости в Вашем регионе