Ғасыр сазын тербеген- Нұрғиса

Ғасыр сазын тербеген- Нұрғиса
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры » бағдарламасы аясында: Қазақ халқының біртуар азаматы, КСРО және ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҰОС ардагері, «Халық Қаһарманы», дәулескер күйші, композитор, дирижер Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің 94 жылдығына орай Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп- интернатында жылда дәстүрлі түрде 1 сәуір күні Н.Тілендиевтің ескерткішіне гүл шоғын қойып, «Құстар қайтып барады» әнін орындап еске алу лездемесі өтеді. 1 сәуір - 30 сәуірге дейін «Нұрғисатану» айлығы жүреді. Барлық сыныптарда : «Күй атасы- Нұрғиса», «Ғасыр композиторы- Нұрғиса», «Ұлтымыздың ұлы құбылысы- Нұрғиса», «Дәулескер күйші - Нұрғиса», «Ұлы тұлға -Нұрғиса» атты ашық тәрбие сағаттары өтті. Сонымен қатар 1 сәуір күні Нұрғиса Тілендиевтің туылған күніне орай, мектепте үзіліс кезінде «Нұрғисаның күйлерінен» қоңырау берілетін болса, «NURGISA FM» RADIOSY ашылды. Оған демеушілік көмек көрсеткен «Кнауф» гипс өндірісінің ЖШС бас директоры Бекназаров Мырзабай Тұрсынбайұлы ашылу салтанатына қатысты. Осы айлықта мектепте «Жамбыл -Адал алаңы» жобасы бойынша «Адал дүкен» ашылу салтанатына « Мемлекеттік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі» департамент жанындағы «Әдеп» жөніндегі кеңесінің мүшесі, Жаңару жалпы ұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлендиев Қасымхан Естемісұлы қатысты. Келген қонақтар замануи технологиялардың даму барысында мектеп оқушыларының «Робототехника» кабинетінде оқушылардың 3Д принтерімен жұмыс барысымен, Дрон ұшырылып робот құрастыру жетістіктерімен танысты. «Нұрғисатану» айлықтың қорытындысы ретінде Н.Тілендиевтің шығармаларынан «Ғасыр сазын тербеген - Нұрғиса» атты концерттік бағдарлама қойылды. Бағдарламада «Нұр - ата» фольклорлық- этнографиялық оқушылар ансамбілінің орындауында «Ата толғауы», «Көш керуен», «Әлқисса» күйлері орындалса, Республикалық, Халықаралық ән байқауларының жүлдегерлері Ә.Жамантай, Р. Мустафаев, А.Жұмат, Н.Көлбаев орындауында Н.Тілендиевтің әндері «Алатау», «Саржайлау», «Әже» , «Біз Отанның ұланымыз», «Өз елім», « Құстар әні» т.б. әндерін нақышына келтіре отырып орындалды. Мектеп – интернат директоры Е.С.Жақсылықова келесі жылы Н.Тілендиевтің 95 жылдығына дайындық пен алға қойған үлкен жұмыстар жайлы көпшілікті хабардар етті. Келген қонақтарға ұжым атынан ризашылығын білдіре отырып, оқушылардың қолөнер бұйымдарынан қонақтарға кәде сый тарту етілді.

Новости в Вашем регионе