Елбасының марапатына ие болған- Мәншүк

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты  кездесуіне   жерлесіміз, қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының доценті М.Мамбетова қатысып қайтты.

Елбасы Н.Назарбаевпен кездесуін Мәншүк  былай жеткізді:

- Елбасының құттықтау кешіне қатысу маған үлкен әсер қалдырды. Кездесудің алдында екі-үш күн бойы толқып жүрдім. Ал кездесу кешінде Елбасын көргеннен кейін барлық қорқынышым ұмытылып, өзімді еркін ұстадым. Жиналған ханымдарға сөз берілді. Кезек маған келгенде іштей қатты қобалжыдым. Бірақ тез арада толқуымды жеңіп, еркін сөйлеуге тырыстым. Елбасының алдында Ұлттық университетте жұмыс атқаратынымды, 6 баланың анасы екенімді тілге тиек еттім. Жалпы кездесуге жиналған қыз-келіншектердің барлығы Елбасымен ашық сұхбаттасып, елінің сенімін ақтауға дайын екендіктерін жеткізді. Елбасының қолынан «Күміс» алқа және гүл шоғын алу мен үшін үлкен бақыт,-деді.

Мәншүк туралы айта кетсек 1995 жылы Жаңатас қала-сындағы М.Әуез-ов орта мектебін үздік аттестатпен бітіреді. Арман қуған білімді қыз Алматы қала-сындағы  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универси-тетіне оқуға түседі. 1999 жылы қызыл дипломмен бітіріп шығады. Білімін жалғастырып тіл теориясы мамандығы бойынша магистратураға түседі. 2002-2004 жылы аспирантурада оқып, 2005 жылы кандидаттық диссертация қорғайды. Тұрмыс құрған, 6 баланың анасы.  Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының доценті.

Новости в Вашем регионе