Егемен еліміздің үздік мамандары

Ұлтымыздың Көшбасшысы Н.Назарбаевтың бас-тамасымен 2019 жыл – «Жастар жылы» деп жария-

ланды. Біз үшін бұл – үлкен мәртебе!  Елбасының жастарды ерекше атап өтуі, жастардың бойына жауапкершілікті арттырады. Жастарға артылған сенім мен жаңа мүмкіндіктер орасан. Төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін өскелең ұрпақты ұлттық өркениетті рухта тәрбиелеуге белсене атсалысатын жастар екендігі айдан анық.

Жуырда «SKILLS ACADEMY»  орталығы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы қорының ұйымдастыруымен  «Жас маман» ІІІ Республикалық  байқауы болып өтті.

Байқаудың мақсаты: Жас мамандарға Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мәнін терең түсіндіріп, олардың біліктілігін арттырып, педагогикалық шеберлігін  шыңдау арқылы өз мамандығына деген сүйіспеншілігін  ояту және ынталандыру.

Осы орайда, байқауға Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының  11 жас  мамандары қатысып, өз шеберліктерін шыңдай түсті. Байқау нәтижесі бойынша  І дәрежелі диплом және «Үздік жас маман» төсбелгісімен бастауыш сынып мұғалімі Жанат Китанова, І дәрежелі диплом және «Үздік жас маман» төсбелгісімен бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Шевченко, ІІІ дәрежелі диплом және «Үздік жас маман» төс-белгісімен бастауыш сынып мұғалім Раушан Исаева және ІІІ дәрежелі диплом және «Үздік жас маман» төсбелгісімен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балнұр Баянды  марапатталды.

Новости в Вашем регионе