АУЫЛ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ІТ-ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Т.Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебінің базасында аудандағы алғашқы ІТ-сыныбының салтанатты ашылу сәті өтті. Білім мекемесінің басшылығын, оқушыларды және ата-аналарды осы оқиғамен құттықтауға «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Әбілғазин және білім бөлімінің басшысы Гүлмира Дауытбаева келді. ІТ-технологиялар сыныбы кездейсоқ ашылған жоқ. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – бұл республиканың экономикасын дамыту қарқынын жылдамдату, цифрлық технологияларды қолдану арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту. Ол елімізге болашақтың цифрлық экономикасын ұзақмерзімге құруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Іс-шара қатысушыларының алдында сөз сөйлеген Қайрат Әбілғазин ауданымызда алғашқы ІТ-сыныптың Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың цифрлық технологияларды және «Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар» жобасын дамытуға бағытталған тапсырмасын жүзеге асыру аясында ашылып отырғандығын айтты. «Олар республикамыз бойынша түгел дерлік ашылуда, - дейді Қайрат Ахметжанұлы, - соның ішінде жергілікті жерде де. Оларды құрудың негізгі мақсаты – бұл өсіп келе жатқан жас ұрпақты ғылыми-зерттемелік және өндірістік ортаға ықпалдандыру. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені цифрлық Қазақстан – бұл еліміздің әлемнің 30 дамыған мемлекеттерінің қатарына енудің бір сатысы».

Баяндамадан кейін Қайрат Әбілғазин мен Гүлмира Дауытбаева салтанатты жағдайда қызыл лентаны кесіп, бәрі де сыныпқа кірді.

Аудандық білім бөлімінің басшысы жаңа сыныптың жастары бойынша үш топтың балаларына есептелгендігін және де оған А.Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің оқушылары да қатыса алатындығын айтты. Балалардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеруге, робототехникамен айналысуға, 3D модельдеуді үйренуге және заманауи құрылғыларда бағдарламалау негіздерін алуға мүмкіндіктері бар.

Балалармен робототехника бойынша біліктілік курстарын өткен информатика пәнінің мұғалімі, техникалық ғылым магистрі Константин Колыванов айналысады.

Іс-шара барысында ол бастауыш сынып оқушылары жинап үлгерген роботтарды көрсетті. Ол аталған конструкторлардың ойыншық емес, керісінше тұлғаны дамытуға арналған барлық заманауи трендтердегі заманауи ақпараттық  технологиялардың құралы болып табылатындығын айтты. «Балалар осы жинақтар арқылы бағдарламалаудың заманауи тілдерін меңгере алады, - дейді Константин Колыванов, - өздерінің аналитикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыта алады. Басқаша айтқанда, біз бұл сыныпта техникалық шығармашылықпен айналысамыз. Сіздердің балаларыңыз ІТ-курстарды бітіргеннен кейін әртүрлі заманауи ақпараттық технологиялары бар заманауи әлемде жұмыс істеуге жан-жақты дайын болады».

Бастапқы жұмыстар – бұл алғашқы деңгейдегі жобалар, алайда негізгі деңгейді игергеннен кейін оқушылар осындай бірнеше жинақтамалардың өзара әрекеттесуі енгізілген инженерлік жобаларға ауысады. Ал бұл бірнеше жобаларды қисындастыру. Константин Колывановтың айтуынша, балалар фабрикалардың, зауыттардың, ауылшаруашылық кәсіпорындардың үлгілерін жасайтын болады. Осылайша олар кішкентайынан ауылшаруашылығын, білімдік және өндірістік үдерістерді автоматтандыру және оңтайландыру үшін ІТ-әлеуетті қалай қолдануды түсіне алатын болады. 

Новости в Вашем регионе