Ата-баба аңсаған- Мәңгілік Ел

«Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» бағыты бойынша «Ата – баба аңсаған – Мәңгілік Ел» атты тақырыпта  жас ақындар мүшәйрасы өткізілді. Мүшәйраның мақсаты: «Мәңгілік ел» мұратын жас ұрпаққа насихаттау, «Мәңгілік ел» ұлы мұратымыздың мағыналық   кеңістігіне түпқазық болып тұрған   ана тілімізді, әдет-ғұрпымызды, шежірелі тарихымызды, мәдени мұрамызды  көздің қарашығындай сақтауға жастарды баулу.

Мүшәйраны орталықтың қосымша білім беру педагогы Ораз Ардагүл жүргізді. Орталықтың директоры  Әлжан  Үрмізов оқушы- көшбасшыларды  елін – жерін, Отанын құрметтеуге, өз елінің патриоты болуға, туған жерінің әр тасын бағалауға шақырып және еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев-тың «Мәңгілік Ел»  ұлттық идеясын жұмыла іске асыруға шақырды.

Мүшәйраға аудан мектептерінің 7, 8, 9 сынып оқушы-көшбасшылары  қатысты. Оқушылар  тақырып аясында өз жүрекжарды өлеңдерін арнап, ортаға салды. Әділқазы алқалары оқушының өлеңінің тақырыбына, құрылымына, оқу мәнеріне, тақырыпты аша білуіне және тағы басқа ережелерді  ескере отырып, әділ  бағасын берді.

Байқау нәтижесінде, Сарысу орта мектебінің оқушы-көшбасшысы Аружан Көшенова «Мәңгілік Ел» атты өлеңімен бас жүлдені иеленді. I-орынды  М.Әуезов атындағы мектеп – гимназиясының оқушы-көшбасшысы Елдос Тыныштықбай «Отан»  өлеңімен,  Абылай хан атындағы мектеп-лицейінің оқушы – көшбасшысы Жандәулетова Ұлданай «Мәңгілік Ел» өлеңімен және С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің оқушы – көшбасшысы Айтуған Айсұлу II – орынды өзара бөлісті. Ал, М.Әуезов атындағы мектеп- гимназиясының оқушы – көшбасшысы Мейірбек Балауса «Елбасы» атты  жыр шумағымен, Ш.Уәлиханов атындағы мектеп – гимназиясының оқушы – көшбасшысы Қайратұлы Аңсар «Мәңгілік Ел» өлеңімен  III – орынды иеленді. Жеңімпаздар диплом  және  мадақтама қағаздармен  марапатталды.

Новости в Вашем регионе