РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ АРШАЛЫ АУДАНЫ ҮШІН СƏТТІ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Көкшетау қаласында 2018-2019 оқу жылында жалпы білім беретін пəндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Оған облыс бойынша жалпы білім беретін мектептерден 520 оқушы қатысты.Аршалы ауданынан 8 оқушы қатысып бірінші кезеңнен сүрінбей өтті де, екінші кезеңге жолдама алды.  

Аталған пəндік олимпиада қорытындысының нəтижесі бойынша Аршалы ауданынан Берсуат ОМ 9 сынып оқушысы Рустемова Рауана (дайындаған мұғалімі Қарсыбай Оңалбай Нышанбайұлы), математика пəні бойынша 3-ші орынға қол жеткізді. Сондай-ақ, Новоалександров ОМ 11сынып оқушысы Кириченко Амина да орыс сыныптарындағы қазақ тілі пəні бойынша жүлделі 3-ші орынға ие болды. (дайындаған мұғалімі Жиенбаева Багдат Малгаждаровна) И. Құтпанұлы ОМ 10 сынып оқушысы Галиева Дильназ белсенді қатысқаны үшін марапатталды. (дайындаған мұғалімі Абсаттаров Уразбек)

Болашағымыздың жарқын болуы – білімді ұрпақ қолында. Елбасымыз айтқандай: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тəрбиелесе, Қазақстан сол  деңгейде болады.

Сондықтан міндет өте ауыр.», – деген. Əрине тəуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ тəрбиелеу, білім беру – мұғалімге жүктелетін қасиетті парыз. Баланың өмірден өз жолын табуында да ұстаздың еңбегі зор. Олай болса, осы жолда жеңіс тұғырынан көрініп тұратын шəкірттеріміз көп болғай!

Новости в Вашем регионе