Қолөнершілер жеңіспен оралды

ҚР Ғылым және білім министрлігінің жоспарына сәйкес Павлодар қаласында өткен республикалық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы қолөнер бойынша балалар шығармашылық көрме-байқауына қатысқан шәкірттеріміз жеңіспен оралды.

Атап айтқанда, «Қолөнер» аталымы бойынша сүйектен жасалған жұмысын көрмеге ұсынған Оралдағы Желаев селолық мектептен тыс жұмыстар орталығының тәрбиеленушісі  Айбат Аманғалиев бас жүлдені жеңіп алды. Ал бірінші орынды  Ерболсын  Қуанышов иеленсе, қалалық мектептен тыс жұмыстар орталығының тәрбиеленушісі Ақтолқын  Әшіп үшінші орынға ие болды. Осылайша тәрбиеленушілеріміз ұстаздарын қуантып, үлкен жетістікке жетті.

А.ЕЛЕМИСОВА,

Желаев селолық мектептен тыс жұмыстар орталығының әдіскері

Новости в Вашем регионе