АУДАНДЫҚ ПУШКИН ОҚУЛАРЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Өткен жылдың 20-шы желтоқсан айында №2 Аршалы орта мектебінде «Есть в мире сердце,где я живу...» атты Александр Сергеевич Пушкиннің шығармашылығын насихаттау және орыс тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген оқушылардың ықыласын арттыру мақсатында аудандық «Пушкин оқулары» байқауы өткізілді.Аталған байқау 3 кезеңнен құралды.

Сарапшылар алқасы байқау қатысушыларының өнерін бағалау кезінде көркем мәтінді талғау және оқу шеберлігіне, орыс тілінде орфоэпиялық нормаларын сақтап , таза сөйлеуіне, ән орындау шеберлігіне, сахналық өнер көрс ету мәдениетіне, қолөнерлік қабілеті мен киім үлгісіне баса назар аударған болатын.Сондықтан байқау қорытындысының нәтижесінде I номинация бойынша бас жүлдені Ижев ОМ 8 сынып оқушысы Абдульманов Андрей жеңіп алса,Вячеслав ОМ 10 сынып оқушысы Мальцева Анастасия 1-ші орынды жүлде тұтса, Сарыоба ОМ 8 сынып оқушысы Дюсекеева Карина 2-ші және Новоалександров ОМ 9 сынып оқушысы Байкенова Шұғыла 3-ші жүлделі орындарға қол жеткізді.

Байқаудың II номинациясы бойынша бас жүлде Михайлов ОМ 11 сынып оқушысы Тыштыбаев Арман, И.Құтпанұлы атындағы ОМ 8 сынып оқушысы Тоғжанова Аяжан 1-ші, Қойгелді ОМ 9 сынып оқушысы Байболат Роза 2-ші және Волгодон ОМ 9 сынып оқушысы Вознюк Милена 3-ші орындарды алды.

III номинацияда Орталық ОМ 8 сынып оқушысы Окутаева Сабина бас жүлдеге ие болса, Сары-Оба ОМ 9 сынып оқушысы Чижикова Яна 1-ші орын, Вячеслав ОМ 9 сынып оқушысы Сагынбекова Дина 2-ші орындарды иеленді.

IV номинацияда (қолөнер) бойынша бас жүлдені Волгодон ОМ 11 сынып оқушысы Бахтиярова Рабиға есе қылса, 1-ші орынды Херсон ОМ 8 сынып оқушысы Тарасова Анастасия мен Ижев ОМ 10-сынып оқушысы Стройкова Юлия 2-ші, Вячеслав ОМ 10-сынып оқушысыТреппель Алена 3-ші орындарды қанжығасына байлады.

Байқауға қатысқан барлық жеңімпаздар арнайы дипломдар мен белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Новости в Вашем регионе