Қуанса, бала қуансын!

Оралда Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар легі бүгін Ю.Гагарин атындағы балалар кинотеатрында жалғасуда.

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына арналған мерекелік шара концерттік бағдарламамен басталып, ойын-сауықтық сəттермен жалғасты. Балалар тегін фильм тамашалады. Тағдыр сынына ұшыраған жандар бір сəтке көңіл күйлері серпіліп қалды. Баланың қуанышын көруден артық бақыт бар ма...
Аталмыш шараны зейнеткерлер мен мүгедектерге əлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы Ю.Гагарин атындағы балалар кинотеатры ұжымымен бірлесе ұйымдастырды.

Новости в Вашем регионе