Жас патриоттар – сахнада

Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында қалалық мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты балалар аула клубтарының тәрбиеленушілері арасында «Болашақ қанаты – 2018» патриоттық ән байқауы өтті.

«Арай» балалар аула клубы ұйымдастырған өнер байқауы жас дарындарды қолдау, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу мақсатын көздеді.

Байқауға қатысушы үміткерлер алдымен өздерін таныстырып, одан әрі дайындап келген патриоттық әндерін шырқады. Үлкен дайындықпен келіп, бар өнерлерін ортаға салған балғын таланттар туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін әнмен жеткізді. Аула клубтарындағы ән үйірмесіне қатысып, бойларындағы қабілеттерін шыңдап жүрген ұл-қыздардың болашағы зор екені байқалды.

Байқау нәтижесінде үміткерлердің арасында топ жарып, сайыстың барлық талаптарын орындаған өнерпаздар жүлделі орындармен марапатталды. Ал бас жүлдені «Жас қыран» балалар аула клубының кішкентай әншісі Айару Өтеміс жеңіп алды. Сонымен қатар ең кішкентай үміткер, «Атамұра» аула клубының тәрбиеленушісі Айсұлтан Саматұлы «Көрермен көзайымы» аталымына ие болса, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

(В.ПРЕДЫБАЙЛОНЫҢ суреті)

Новости в Вашем регионе