9 маусым - Қазақстан Республикасы Президентін сайлау күні

Бүгінде, біздің еліміз тәуелсіздік пен теңдік, береке мен бірлік тұнған құтты мекенге айналды. Бұл қай халық үшін де аса қымбат құндылық.

Маңызды қадам

Себебі, біздер ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа ғана қол жеткізіп қоймай, арман-мұраты ізгілікпен өрілген байтақ елге айналдық. Ел бірлігін ілгерілететін Ассамблеяны құрдық, астанамызды Алматыдан Сарыарқа төріне көшірдік. ТМД елдерінің ішінде алғаш рет халықаралық ОБСЕ ұйымына төрағалық етіп, Астанамызда «ЕХРО-2017» мамандандырылған көрмесін сәтті өткіздік.

Бір сөзбен айтқанда, егемендік алғалы өсу мен өркендеудің белестерін бағындырған елімізде талай тірліктер атқарылды, тарихи жеңістерге қол жетті. Мұның барлығында Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолтаңбасы жатыр.

Осынау тірліктерді атқарып, елдігіміздің жолында қызмет істеген  Елбасымыз үстіміздегі жылдың наурызынан бастап өзінің Президенттік  өкілеттігін тоқтатты. Билік заңды және бейбіт жолмен ауысты. Елбасына қазақ елінің алғысы ретінде еліміздің бас қаласына «Нұр-Сұлтан» атауы берілді. 

Бүгін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы мәлімдеме жасады. Бұл өте маңызды әрі қажетті қадам.

Ата Заңымызға сәйкес, екі айдан соң өтетін кезектен тыс сайлауда жаңа көшбасшымызды сайлайтын боламыз.

Ел тыныштығы мен бірлігін ойлар болсақ, бұл саяси науқанда ауызбіршілігімізді танытып, бүкіл ел болып қолдау көрсетуіміз қажет.

Біз, Сарысу ауданының ардагерлері де ел Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу туралы бастамасын қолдаймыз және алдымызда тұрған саяси науқанға атсалысуға шақырамыз. 

Мағия Тоқсанбаева,

аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

Жастар үндеуді қолдайды

Құрметті жастар! Қазақстан Республи-касының Президенті Қасым-жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуін жастар болып тыңдадық. Жақында ел үшін ерекше оқиғаның куәсі болатынымызды баяндады. Егемен елдің ертеңіне көз жүгірткен Қасым-жомарт Кемелұлы маңызды қадам жасап, үстіміздегі жылдың 9 маусымында кезектен тыс президенттік сайлау өтетіндігін хабарлады. Армандар алдымызда құлаш ұрып тұрған сәтте көшбастайтын, елдің жүгін арқалап Отанын ардақтайтын азамат қана елдің тірегіне айналады. Осыны ойлаған мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев тоқсан ауыз сөздің төрелігін халықтың дауысына салды. Өз кезегімде, жастар үндеуді қолдайтынын жеткізгім келеді. Жасампаз ел үшін жасалып жатқан қадам жақсылыққа айналғай!

Ж.Бегулиев, «Жастар ресурстық

     орталығы» КММ-нің директоры

Елбасының сара жолы

Құрметті жасотандықтар! Міне, санау-лы сәт өтсе де елді елең еткізген оқиға болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Үндеуінде 9 маусымда кезектен тыс Президенттік сайлау өтетіндігін хабарлады. Тағылымы мол тарихи сәтте жастар ерекше күйге бөленді. Тағылымы мол деген себебім, елде оң өзгеріс болғалы тұр. Жаңа Президент, жаңа леп, жаңа тарих қайтадан жазылады. Елбасы Н.Әбішұлының дара жолын жалғастыратын көшбасшы жастарға керек екені мәлім. Ағалардың арғымақ жолын жалғастыра отырып, жастар сенімді ақтау үшін серпінге толы жұмыстарды жүргізу бізге парыз. Сол үшін «Жас Отан» жастар қанаты талмай еңбек ету жолында жарқын қадамдарға жол бастай береді.

С.Тоқбанов,   «Жас Отан» жастар қанаты аудандық филиалының

Төрағасы

Новости в Вашем регионе