Ұлттардың ұйысуы - рухани жаңғыру өзегі

Абай атындағы Ақкөл аудандық кітапханасы Рухани келісім күніне орай  дәстүрлі «Этникааралық және конфессияаралық келісім -  Қазақстанның басты жетістігі» атты дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды. 


Бұл шара 2018 жылы қазан айының 10-11 күндері Астана қаласында өткен «Дін көшбасшылары қауіпсіз әлем  үшін» тақырыбында өткен әлемдік  және дәстүрлі дін көшбасшыларының VI съезіне арналды. 
Отырысқа Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Г:Әбілқайырова, ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Г.Боқпанова, ардагерлер кеңесінің төрайымы А.К.Мананбаева, аудандық газеттердің бас редакторы Қ.Нұрсадықов, мешіттің наиб имамы   Серік Құмаш,  Қасиетті Великомученица Варвара приходының иконописеці Д.Молчанова, білім мекемелерінің ұстаздары, АТК -10  студенттері, қала мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Домбыралы селолық кітапханасында «Семья - хранительница духовных ценностей» атты дөңгелек үстел отырысы оқушылардың қатысуымен өтті. Кітапханашы, балалар ең алғашқы діни мағлұматты отбасында алатынын айтып, оның дұрыс бағытта болуына назар аударды. Дәстүрлі діннен қате ағымның айырмашылығы неде екенін айырудың маңызы өте зор екендігін де айтып өтті. Әлемдік діндер көшбасшыларының съезі туралы да мәлімет талқыланды.
 

Новости в Вашем регионе