ҚОСШЫДАҒЫ ИГІ ҚАДАМ

Қосшы ауылдық округінде желтоқсан айының соңғы аптасында жаңа Мәдениет үйі мен жиһаз цехы ашылды.

 

Қосшы ауылдық округінде желтоқсан айының соңғы аптасында жаңа Мәдениет үйі мен жиһаз цехы ашылды.

Көптің сұранысына ие болған инновациялық дүние-мүліктер енді Астана тұрғындарына да жетеді. Мұнда мекемелерге, сондай-ақ үй иелеріне қажет нәрселер көптеп шығарылмақ.

Қосшының жаңа Мәдениет ошағының аумағы 600 шаршы метрді алып

жатыр. Бір жақсы жері мұнда жылу мен су жүйесі орталықтандырылған.

Ірі округ тұрғындары үшін ол өте қолайлы жерде тұр. Мұнда көрермен залы, сондай-ақ, түрлі ән-би үйірмелерін өткізетін бөлмелер жеткілікті.

Астана іргесіндегі ел тұрғындары үшін кітапхана да жұмыс істейтін болады.

Жаңа жыл қарсаңында ашылған аталмыш нысандардың салтанатты тұсаукесер жиынында Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Тәткеев жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы айта келіп, Қосшының Астанаға сәйкес дамитынын жұртшылық есіне салды (суретте). Жиын соңы шағын концертке ұласты.

Новости в Вашем регионе