Тіл - мемлекет тірегі

«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – Тіл» деп, жарғақ құлағы жастыққа тимей, елі мен жерінің ертеңі үшін неше рет түрмеге түсіп, ақыры жазықсыз атылып кеткен Алаш Орда өкіметінің басшыларының бірі, қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымдары мен ұлттық төте жазудың негізін салған Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні болып ресми түрде бекітілген. 


«Қасиетін ойлан-ау, Қам көңілдің тынбаған» деп, ұлы Абай айтқандай, Ахмет Байтұрсынұлының өзі өлсе де, мына бір сөздері Ахаңның туған халқы бар да мәңгілік жасай бермек: 
 «Әуелі, газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет те сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр сықылды.»
Көреген қайраткер Байтұрсынұлы Ахметтей ардақты атамыздың туған күніне және Қазақстан халқының тілдері күніне орай,  аудан әкімі Т. Едігенов бекіткен Тілдер он күндігі аясында өтілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2018 жылғы 5 қыркүйекте сағат 11:00-де Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Тіл - мем-лекет  тірегі» атты  дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге мемлекеттік мекеме басшылары, мектеп директорлары, балабақша басшылары қатысты.
Аталған шара Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.М.Түменбаеваның құттықтау сөзімен ашылды. Мемлекет тірегі болатын – ұлттық рух тек қана мемлекет құрушы ұлттың тілі барынша дамып, Қазақстандағы барлық халық қазақ тілін толық меңгеріп, сөйлегенде ғана елімізде патриоттық сезімнің де дамитыны анық.
Келесі сөз кезегі,  аудандық білім бөлімінің әдіскері Ханша Ақтышқанқызына берілді.  №10 Агротехникалық колледжінің студенті, облыстық байқаулардың жеңімпазы Пантюхин Виталий қазақ тілін қалай тез меңгергенінің қыр-сырымен бөлісті.  Аудандық білім бөлімінің әдіскері Шолпан Досанқызы балабақшадағы қазақ тілі жайлы баяндады.

Сырғалы Тәбілтай, 
тілдерді оқыту 
орталығының әдіскері
 

Новости в Вашем регионе