Тіл – ұлттың асыл қазынасы

Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл-ұлттың жаны, тіл – ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.


Адамның мәдениеті тіл, сөйлеген сөзі арқылы көрінеді, сондықтан тіл мәдениетін оқушыларға қалыптастыру мақсатында тілдер күні мерекесіне орай  Азат орта мектебінде тіл апталығының он күндігі аясында 5-11сыныптар аралығында  «Тіл-халық жанын танудың алтын көпірі» атты  іс- шара өткізілді. Іс- шараның  мақсаты өзге ұлттардың тіл тағылымын, дәстүрін, өнерін, асханасын таныстыру. Оқушылар әр елдің тілінде сөйлеп, биін билеп, ұлттық тағамын дайындап әрі іс- шараның жақсы өтуіне ат салысты. Іс- шара аясында оқушылар өздеріне жүктелген тапсырмаларды қалт жібермей, жоғары деңгейде дайындалып, өзге елдердің мәдениетіне жоғары құрмет көрсете отыра, бір біріне жақсы үлгі- өнеге көрсетті. Ұстаздар ұжымы мен  тіл мұғалімдері оқушылардың жауапкершілігіне өз бағаларын алғыспен жеткізді. Ұйымдастырушылар Төлеген Қуаныш Төлегенұлы мен Молдағанапова Светлана Болатқызы өз жұмыстарына шығармашылықпен қарап, балалар жүрегіне жол таба білді.   
Мұрат Дариға, 
гуманитарлық ӘБ жетекшісі, Азат орта мектебі.
 

Новости в Вашем регионе