Майдангер ұрпағы жалғасуда

Аққөл ауданы  Өрнек ауылы тұрғыны Балпанова Іңкар апамыз туралы үздік сыр. Бұл апайымыз Бұланды ауданы Ұлтуған ауылының тумасы.
 

Әкесі Өмірбеков Шахат қан  майданға аттанғанда 4 жасар бала екен, інісі марқұм Тілек  ана құрсағында қалады. Анасы Бөпіш марқұм екеуін өсіріп, ер жеткізеді. Әкелері сол кеткеннен елге оралмай, қаралы қағаз келді. Кішкентай Тілектің өмірге келгенін де білмейді. Жасы келгесін бе, әйтеуір, әкесін Іңкар апайымыз  «сары атымен егіс  даласынан келе  жатушы еді, мені Іңкарым деп еркелететін», - деген сәттерін, мұңая, жиі еске алады. 
Қазір аллаға шүкір, жездеміз Қажат мархұм екеуі 50 жылдан артық өмір сүріп 6 ұл, 2 қызды өмірге әкеліп, тәрбиелеп өсіріп, ер жеткізеді. Апайымыз еңбекке  ерте араласты, өмір бойы сауыншы болып, зейнетке шығып, Асыл Ана, Адал жар, сүйкімді әже атанып, өте әдемі қартайып отыр. 
Немере, шөбере сүйіп, туған-туыс, құда-құдағиларына сыйлы. Елі сыйлаған аяулы қария. 
Ұл-қыздары, өз алдарына бір-бір шаңырақ иелері, бәрі де мақтан тұтатын үлгілі азаматтар. Келіндері де өте инабатты, бір-бір мамаңдықтың иелері. 
Немересі Балпанов Бақытжан Германияда қызмет етеді. Немерелері - Бекзат Қарағандыдағы жоғарғы милиция мектебінің түлегі, екіншісі Бауыржан - Қарағанды Жауынгерлік училищесінің курсанты. Қалған немерелері Астана қаласында еңбек жасап, өмірдегі өз жолдарын тауып, елге үлгілі, сыйлы. Отанын қорғап оралмаған әкесі Шахат марқұм небәрі 39 - ақ жаста болатын. Артында аяулы ұрпағы, қос құлыны Іңкәрі,Тілегі қалған. Атамыздың аруағына мың тағзым!
Енді соғысты  көрмейік. Анасын бала, баласын ана жоқтамасын мәңгілік!
Шахатова Ырысалды,
Ұлтуған ауылының тұрғыны, келіні 
 

Новости в Вашем регионе