ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ШЫРША

Балалардың дәстүрлі мерекесі өте көңілді өтті. Ақмол Мәдениет үйінің басты қонақтарына аудан әкімі Малғаждар Тәткеев өзі қатысып, балғын балалардың көңілін бір көтеріп тастады.

Таңғажайып ертегілер әлемінің куәгерлері жан-жақтан келген жасөспірімдерге ерекше ілтипат көрсетті. Бұл мерекелік жиынға аудан бойынша 120 бала қатысты.

Ән мен биі жарасқан салтанатты шарада жас бүлдіршіндер өздері арнайы дайындап әкелген тақтақтарын айтып, көңілді шара барысында өткен барлық ойындарға белсене атсалысты.

Мерекелік дастарханның бай болғанын айта кету орынды болар. Тәтті сусындар, түрлі жемістер жаңажылдық шыршаның көркін келтірді. Қалыптасқан дәстүр бойынша Малғажар Сәттарұлы балалардың бәріне сый-жоралғылар таратты. Бұл бір ұмытылмас әдемі шара болды болды.

Новости в Вашем регионе