ЕЛ РӘМІЗДЕРІ КҮНІ

Біздің елімізде мемлекеттік рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданып, Қазақстан тәуелсіздігінің  тұғырына айналды.

Бүгінде әрбір қазақсандық көк байрағымыздағы күннің алтын шапағы мен қанатын жайған қыран бейнесін мақтаныш тұтады. Ал Елтаңбадағы шаңырақ бейнесі елімізді мекендеген барша халықты біріктіріп, ортақ үйіміз Қазақстандағы тату-тәтті тірлікке шақырып тұрғандай. 

Жуырда осы рәміздер күніне орай, «Рухани  жаңғыру» демалыс және мәдениет саябағында мерекелік іс-шара болып өтті.  Салтанатты шара мемлекеттік Әнұранмен ашылды.

Аудан әкімі Малғаждар Тәткеев аудан тұрғындары мен қонақтарға жылы лебізін арнады. «Қазақстанның мемлекеттік  рәміздері - егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің негізгі атрибуты, билік пен халықтың бірлігі. Ол қазақстандық мелкеттіліктің идеясын, ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарға деген ұмтылысының нышаны, осының нәтижесінде біздің еліміз халықаралық деңгейде биіктерден көрінуде» деп атап өтті Малғаждар Саттарұлы. 

Осы мерекеге орай аудандық бөлімдер мен әскери қызметшілер саласы мен ведомстволарында қазметкерлерді марапаттау рәсімі болды. Әскер жасына дейінгі жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін ПВО 44813 әскери бөлімінің қызметкерлері подполковник Нұржан Сыздықов пен сержант Марат Ахетов Целиноград ауданы әкімінің грамотасын иеленді. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Новости в Вашем регионе