Батырды еске алды

2018 жылдың 25 мамыры күні Ақкөл қаласында Армия генералы, Кеңестер Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының №1 Халық Қаhарманы Сағадат Қожахметовтың туылғанына 94 жыл толуына орай Батырды еске алу шарасы ұйымдастырылды.


Батыр есімін иеленген көше бойындағы монумент жанында жиналған әскерилер мен Ақкөл жұртшылығы алдында аудан әкімінің орынбасары Г.Әбілхаирова,, Ақмола облысы ардагерлер Кеңесінің төрағасы полковник Ж.Ережепов, қорғаныс істері Департаменті басшысының бірінші орынбасары полковник З.Ғаббасов, 55209 әскери бөлімінің командирі полковник А.Әбдірахман, запастағы подполковник К.Нұрмағамбетов сөз сөйледі. Батыр тұлғасы бейнеленген көк тастың етегіне гүл дестелері қойылды. Батыр ұлдарын Ақкөл халқы, әріптестері бір минут үнсіздікпен еске алды.
 

Новости в Вашем регионе