«Мәңгілік ел – тұғыры Қуатты Армия»: үш ұрпақ кездесуі

Абай атындағы аудандық кітапханада Жеңіс күніне және Отан қорғаушылар күніне арналған «Мәңгілік ел  тұғыры - Қуатты Армия»  атты дәстүрлі үш ұрпақ кездесуі өтті.
 

Бүгінде біздің армия жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейімен, сапалы жұмылдыру резервімен, ұлттық әскери оқу орындарының желісімен ерекшеленеді. Қазіргі таңда әскери іс қайтадан беделді болды, ал Қарулы Күштер, қазіргі жаңа жағдайда, өздерінің өзектілігі мен тиімділігін көрсетуде. Бұл жайлы №55209 әскери бөлімінің командирі, полковник А.Әбдрахман және интернационалист жауынгер В.Малёванный өз сөздерінде атап өтті.
Тюмень жоғары әскери- инженерлік - командалық училищесін бітіріп, 12 жыл Балтық флотында қызмет еткен отставкадағы подполковник С.Седачевтың әңгімесі мұқият тыңдалды. Ол Мәскеудегі Академияны аяқтағаннан кейін Қиыр Шығыста қызмет етті. 1995 жылы резервке жіберілді. Қызмет еткен жылдары 60 мыңнан астам жарылғыш заттарды залалсыздандырды.«Әскери қызметі үшін» орденімен және «Жауынгерлік қызметі үшін» медалімен марапатталды.
Біздің аудан төрт Кеңес Одағының батыры: В.К.Булавский,П.М.Исаков, Г.Ф.Кирдищев, С.Қ. Нұрмағам-бетовті мақтан тұтады.
Жеңістің 50- жылдығына «Естелік кітабы», Ұлы Жеңістің 70-жылдығына 10 - томдық «Ақмола облысының Естелік кітабы» басылып шығарылды. 
Біздің ауданда әскери- патриоттық дәстүрлер молшы-лық. Көптеген жерлестеріміз кәсіби әскерде Отанға қызмет етуде. Бұл туралы еңбек және соғыс ардагерлері Кеңесінің төрағасы, Ақкөл ауданының құрметті азаматы А.К.Мананбаева айтып берді.
Әскери училищелердің түлектері жайлы, жастардың әскери қызметке дайындығы туралы № 1 АОМ БӘД ұйымдастырушы - оқытушысы Е.Яковлев пен № 10 - АТК БӘД ұйымдастырушы - оқытушысы А.Балмұханов әңгімелеп берді.
Іс- шараның соңында қала мектептерінің оқушылары мен №10 - АТК студенттері дайындаған концерттік бағдарлама көрсетілді. 

В.И.Оноприенко, 
Абай атындағы аудандық кітапхана қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі.
 

Новости в Вашем регионе