Құрбан айттағы қуаныш

Құрбан айт мерекесінің бірінші күні көрішілес Біржан сал ауданына қарасты Макин ауылында жаңа мешіт ашылды. Оның ашылуына Бұланды ауданының кәсіпкер азаматтары атсалысты.

Олар ауданымызда кәсіптерін енді бастап, маңдай терлерінің игілігін көріп отырған жастар Марат Садуақасов, Болатхан Бердімұрат, Бапишев Самат және Шайтекей Тілеубек. Қаламызға іргелес жатқан Макин ауылындағы құрылысы аяқсыз қалған мешітті жандандырып, барлық жағдайын жасап, ауласын гүлдендіріп, ауыл тұрғындарының биылғы айт мерекесін осы мешітте атап өтулеріне жағдай жасады. Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай мешітте ас беріліп, мерекелік шара ұйымдастырылды. Өкінішке орай ауа-райының қолайсыздығына орай құрылған сахна, тігіліген киіз үй, жоспарланған концерттік бағдарламалар орындалмай қалды. Алайда жаңа мешіт ішінде ас беріліп діни уағыздар айтылып, тәрбиеліп мәні бар өлеңдер оқылып, сұрақ-жауаптар жүргізіліп, сыйлықтар таратылды. Аудан имамы Амангелді ....... ауыл тұрғындарын айтулы мерекелерімен құттықтай келе, жаңа мешіттің ашылуына септігін тигізген азаматтарға Алғыс хаттар табыс етті. Аудан имамы өз сөзінде жаңа мешіт салынып, ішінің жамағатқа толуы ауыл имамының да жемісті жұмысының нәтижесі екенін тілге тиек етті. Иә, бұл істе ауыл имамы Бұланбай Мараттың да еселі еңбегі бар. Сонымен қатар, бұл күні Астана қаласынан да келген кәсіпкер жігіттер осы ауылда құрбандыққа бес қара мал сойып, еттерін таратты.

Жалпы мешіт салып, оған жәрдемдесудің үзілмейтін сауапты іс екені анық. Алла үйін салған адамдар туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды»,- деген. О, дүниемен бұл дүниені жалғайтын алтын көпір саналатын құлшылық орынын салуға атсалысқан қолы жомарт жандарға Алла разы болғай.

Новости в Вашем регионе