Қарттарымызға көмек көрсетейік!

Бұланды ауданының жастар орталығы және аудан жастары Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері үйіне барып, зейнеткер қарияларға сый көрсетуді игі дәстүрге айналдырған. Қазан айының бірінші күнінен бастап айдың соңына дейін "Қарттарға көмектес" акциясы өтуде .

«Қарт пен баланың көңілі ұқсас» деген сөздің жаны бар. Бір ауыз сөзге қуанып, бір ауыз сөзден көңілдеріне кірбің алып қалатын бала жүректі қариялардың бабын табу оңай емес. Дегенмен, жастар қарттардың көңіл кілтін тауып, реті келіп жатса қуантып қоюға тырысады. Міне, осындай ниетпен Бұланды жастары және Жастар орталығының ұжымы жалғыз басты ана, зейнеткер Д. Төлегенқызына "Қарттарға көмектес" акция аясында үй ауласының тазалығына, қысқы маусымға даярлық жұмыстарына өз септігін тигізіп, қарияның ілтипатына бөленді.

Қарты бар елдің қазынасы бар. Саялы бәйтерек, данагөй тұлға қарттарымыздың өмірі мен еңбек жолдары өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болса, біздің міндетіміз – үлкендерге әдеп пен сый құрмет көрсетуді естен шығармау.

Новости в Вашем регионе