Білім бөлімінің басшысы Абылкасимов ТалгатШайкеновичтің білім күніне арналған құттықтауы

С Днём знаний

Құрметті ұстаздар, ардагерлер мен оқушылар!

Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!

Бірінші қыркүйек – айрықша мәні бар, айту­лы білім күні. Әсіресе, адамгершілік пен руха­ни байлықтың, білімнің негізін алатын, мектеп өмірінің маңызды кезеңі басталатын, білім ордасының табалдырығын алғаш аттағандар үшін аса маңызды, ұмытылмайтын күн. Білім – барлық игілік пен байлықтың,бақыт пен берекенің, дәулеттің қайнар көзі.

Елімізде жас жеткіншектердің мек­теп қабырғасынан жан – жақты терең білім алып, тәрбиелі әрі мәдениетті азамат болып шығуына қажетті жағдайлар жасалуда.

Бірінші қыркүйек күні өмірлерін білім саласына арнаған барша ұстаздар қауымына ерекше көңіл аударылатын күн. Ұстаздық – Алланың берген кәсібі, басқа кәсіптер – мұғалімнен алынады. Өйткені, әрбір инженердің, экономисттің, бухгалтердің, ғалымның, жұмысшының еңбегіне педагогтың сіңірген еңбегі зор. Оқушылардың жаңа буынын оқыту мен тәрбиелеуде олар қаншама тер төгеді, еңбектенеді, оларды өз елінің лайықты азама­ты етіп тәрбиелейді, мақтанышы болуға дайындайды. Сол себептен, Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін, қымбатты ұстаздар мен тәрбиеші қауым. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім нәрін сусындатуда қажымас еңбектеріңіз бен төзімділіктеріңіз үшін Сіздерге шексіз алғыс білдіремін. Зор денсаулық, от­басында береке, алдарыңызға талпысы мол шәкірттер мен тәрбиеленушілер, данышпан да жақсылыққа жаны құштар жандардың келуін тілеймін.Жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!

Новости в Вашем регионе