Атырауда балық аулау маусымы басталды

Жайық өзеніндегі мұздың толықтай еруіне байланысты, өндіріс кооперативтерінің балықшылары балық аулау маусымын бастады. Бірінші болып «Аманкелді» ЖШС кәсіпорын бригадасы шықты. 

12 наурыздан бастап, Атырау облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясы (балық инспекциясы) «Аманкелді» ЖШС балықшыларына бөлінген лимитті пайдалануды бастады. Инспекция жетекшісінің орынбасары Арман Молдашевтың айтуынша, осы ЖШС балықшылары өзеннің төменгі жағында «Золотенок» және «Төменгі Дамбадағы» екі бағытта балық аулай алады. Үш күн бойы (12 наурыздан 14 наурызға дейін) «Аманкелді» ЖШС балықшылары белгілі бір түрдегі 12 тоннадан астам балықты ұстады: «Золотенок» участкісінде 5,426 кг, «Төменгі Дамба» участкісінде - 7,153 кг. Негізінен, ауланған балықтардың арасынан қарақөз, сазан, табан, жайын, және қылышбалық, балықтары байқалды.

 

Новости в Вашем регионе