«АЛМАЛЫ ҚҰС» ЖҰМЫРТҚАСЫ ЕУРОСТАНДАРТҚА САЙ

«Алмалы құс» фабрикасы 100 млн. данадан астам жұмыртқа шығарды. Осыдан 5 жыл бұрын облыс қажеттілігін қамту мақсатында Атырау облысы әкімдігі және «Атырау» ӘКК» АҚ қолдауымен ашылған мекемеге заманауи қондырғымен қамтылған.

 

2017-2018 жылдары «Алмалы Құс» ЖШС, «Атырау» ӘКК» АҚ-мен  бірлесе отырып, мекеменің қаржысына жобаның 3 кезеңін жүзеге асырып, тауық көлемін 340 мың данаға дейін арттырды. Кеңею жобасы аясында 3 ғимарат салынып, оларда тауықтарды өсіруге және жұмыртқаларды автоматты түрде жинауға қажетті барлық жағдай жасалды. Сонымен қатар, құс фабрикасына Жайық өзенінен су тартылды. Толықтай заманауи қондырғымен қамтылып, жұмысы автоматтандырылған мекемеде 6 тауық күркесі ғимаратынан шығатын жұмыртқалар «Анаконда» қондырғысы арқылы бір жерге жинақталады.

Біздегі басты жаңалық «Анаконда» құрылғысы Германиядан сатып алынған. Жұмысымыз біраз жеңілдеді. Ең бастысы еңбек өнімділігі ұлғайып, уақытты ұтымды пайдаланып жатырмыз.  Екінші әрі маңызды артықшылығы - тазалық. Бұрындары осы жұмыстарды жасайтын  ауыл адамдары мал құстарында болатын ауруды тасымалдауы мүмкіндігі  зор болатын. Ал қазір мұнда тек 2 оператор құрылғыны белгілі режимге келтіріп, жұмыс барысын ғана қадағалайды. 

 -Бұл өз кезегінде тауықтардың  қандайда бір инфекция жұқтыруыннан қорғайды. Ерекше айтып кететіні біздің тауықтар тек экологиялық таза өнімдермен қоректенеді және де ешқандай екпе, вакциналар салынбайды. Біздің өнімдеріміздің сапасы өте жоғары,-дейді «Алмалы Құс» ЖШС директоры Виктор ПАЦ.

Күркедегі «декалд уайт» тұқымдас мекиендерден   сапасы жоғары  мәрмәр түстес  еуростандарттарға сай келетін жұмыртқалар шығуда. Компанияның бас ветинары   Фариза ҒАЗИЗОВАжұмыртқа алғанда оған соғылған мөрге баса мән беру керектігін айтады.

Біздер тауықтарды  РФ  мен Қостанай облыстарынан арнайы алынған жеммен қоректендіреміз. Жұмыртқа сапасының жоғары екенінен толық сеніммен кепіл береміз. Өйткені біздің жұмыртқаларға қызыл мөр соғылады. Ол сапасын көрсетеді. Облысқа келіп жатқан кез келген жұмыртқада көк мөр соғылған.  Мен тұтынушыларға салыстырмалы түрде қарауға кеңес берер едім. Ол үшін біздің жұмыртқаны және кез келген жұмыртқаны жарып, ішіндегі ақуызы мен саруызына жіті қараса болғаны. Түстерінде айтарлықтай өзгеріс байқалады. Оның өзі көп нәрсені айтады. Сонымен қатар жұмыртқа 7 күннен артық сақталса бойындағы бар дәруменінен айырылады. Ал, сырттан тасымалданатын жұмыртқалардың қанша күн жүріп келіп жатқаны белгісіз.  Ал, біздер күндегісін күнде жіберіп отырмыз»,-дейді құс фабрикасының бас ветеринары.                                                                                                                                                                                 Бүгінде «Алмалы Құс» фабрикасында  күніне 220 мың, тоқсанына 25 млн  данадан астам жұмыртқа алынады. Осы жылы мекеме толық қуатта жұмыс жасаса жылына 110 млн дана жұмыртқа шығармақшы.

  -Жұмыртқа бағасы салыстырмалы түрде қарағанда бізде өте арзан. Біздің бағаны тұрақты ұстап тұруымызға мемлекеттің қолдауы көмек болып отыр. Әр жұмыртқаға субсидия аламыз. Уақытылы төленеді. Ол бізге үлкен көмек,-дейді. «Алмалы Құс» ЖШС бас есепшісі Гаухар МҰРАТҚЫЗЫ.

Атырау облысын жұмыртқамен толықтай қамтып отырған  фабрика өнімдерін Маңғыстау, Батыс Қазақстан және РФ Самара облысына жөнелтуде. Мұнда қазір 100 – ге жуық адамды жұмыс жасайды.

«Атырау» ӘКК» АҚ-ның Активтерді басқару және еншілес, тәуелді мекемелер департаментінің басқарушы директоры Нұрлан Қаппазовтың айтуынша  Еуростандарттарға сай жұмыртқа шығаратын  «Алмалы Құс» ЖШС 2014 жылы облыс әкімдігінің қолдауымен   «Атырау» ӘКК» АҚ арқылы ашылды.   Алғашқы кезеңінде 100 мың мекиеннен 30 мың жұмыртқа алса, қазір ол 340 мың мекиен тауыққа өсіп, жылына 101 млн данадан астам сапалы жұмыртқа алынады. «Атырау» ӘКК АҚ мекемесінің даму тұжырымдамасына сай аталған мекеме нарықтағы бәсекеге қабілетті болғандықтан, корпорация өзінің үлесін /49 пайызын/ жоба жетекшісіне сатты. Бүгінде құс фабрикасы мемлекет тарапынан қолдау алады. 

Айта кету керек, құс фабрикасы жанынан алма бағы салынуда. Кәсіпкер болашақта Алмалы ауылында алма бағын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Ол – Атырауда өндірілген өз жұмыртқасы мен алмасы болады деген сөз.Егер біз осындай қарқынмен дамитын болсақ, болашақта шет елден тасымай, өз еліміздің Отандық өнімдерді халық пайдаланатын болады.

Новости в Вашем регионе