Зияткер оқушы шығармасы үздік байқау жинағына енді

Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Мирлан Тналиев республика бойынша 9-12 сынып оқушылары арасында ағылшын тіліндегі эссе байқауының сертификат иегері атанды.

Республикалық үздік байқау үшін Мирланның шығармасындағы басты кейіпкерге айналған туған ағасы Шымболат Тналиев та – Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі. АҚШ-та білім алып жатқан қазақстандық студентті «Жастар – рухани жаңғырудың қозғаушы күші» тақырыбына арқау еткен зияткер оқушы Шымболаттың өмірлік ұстанымы, мақсатқа жету жолдары мен бойындағы адамгершілік қасиеттерін үлгі етуді көздеді әрі эссені жазу барысында құрылымы зерделеніп, қиялы шыңдай түсті. Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа таныту, шетел азаматтарын

Қазақстанның мәдениеті, дәстүрімен таныстырудағы жұмысын үш күн бойы толғанып, күнделік форматында жазып шықты. Зерек шәкіртінің талабын ұштауда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айнұр Лұқпанова Мирланның еңбегін «Discovery Kazakhstan» жинағынан орын алуға лайықты деп санайды.

Новости в Вашем регионе