Жұмыс жоспары белгіленді және тиісті ұсыныстар берілді

Ағымдағы жылғы 5 ақпанда Шортанды ауданы әкімдігінің ғимаратында аудан әкімнің орынбасары Ерлан Мұхамединнің төрағалығымен шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шортанды орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны қызметінің қорытындылары бойынша кеңес өтті.

Кеңеске облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бірінші орынбасары Б.К.Әбішев қатысып, мемлекеттік мекемелер мен медициналық қызметкерлердің қатысуымен жергілікті атқарушы органдармен өткізілетін іс-шаралар және денсаулық сақтау, қоғамдық денсаулықты қорғау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамту, қоғамдық тәртіпті қорғау саласында қабылданатын шаралар туралы есеп пен баяндамалар тыңдалды.
Б.К.Әбішев ең алдымен халықпен тиімді жұмыс істеуге назар аудару керек екендігі жөнінде кеңеске қатысушыларды хабардар етті.
Ең соңында жеке тармақтар бойынша денсаулық сақтау органдарымен жұмыс жоспары белгіленді және тиісті ұсыныстар берілді.

Новости в Вашем регионе