Жүлделі орындардан көріндік

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған Щучинск қаласында өткен «Бес Асық» асық спортынан ауданаралық турнирінде  2003 жылғы және одан да кіші жастағы қыздар арасында мектебіміздің мақтанышы 9 сынып оқушысы Аманжолова Аружан жүлделі бірінші орынмен марапатталып, алтын медаль иегері атанған еді.  Осы оқушымыздың жеңісті жолын 6-7 желтоқсанда  аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен аудандық пәнаралық олимпиадада өзге де оқушыларымыз жалғастырды. 
 

«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», - деп бірінші ұстаз Аристотель айтқандай, білім мен өнер сіздің болашағыңыздың жарқын болуына бірден-бір кепіл. Білім жайында жер бетіндегі ақын-жазушының бәрі де қалам тербеді. Ұлағатты ой айтып, нақыл, қанатты сөздері бізге мұра болып қалды. 
Екі күнге созылған олимпиадаға мектебімізден 10 оқушы қатысып, 9 оқушымыз жүлделі бірінші орындарды иеленді. Атап айтар болсақ, ағылшыны тілі пәні бойынша Сағындықова Сабина мен Каменов Алишер, қазақ тілі пәні бойынша Қойлыбай Айжан, физика пәні бойынша   Азамат Айым, алгебра пәні бойынша  Нұрлан Ардабек пен  Жарқынбеков Ерасыл, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Абаева Диана, тарих пәні бойынша Ахан Ахмет, химия пәні бойынша Нұржанова Аружан.
Жүлделі орындардан көрініп, мектебіміздің мәртебесін арттырып жатқан ұстаздарымыз бен оқушыларымызға мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз! 
Осы олимпиадада жүлделі орындардан көрінген оқушыларымыздың жетістігі біздің де жетістігіміз, №3 қазақ орта мектебіндегі білім беру сапасының көрсеткіші деп ойлаймыз.
 

Новости в Вашем регионе