Жолдауда жүктелген міндеттер таныстырылды

10 қазан күні аудандық әкімдікте аудан әкімі Г.Сәдуақасованың төрағалығымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақстандықтардың әл-аухатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын түсіндіру жөнінде жиналыс өтті. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депуттары, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері, дербес бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиналыста аудан әкімі Г.Сәдуақасова Елбасы Жолдауындағы тапсырмалар мен міндеттер жөнінде таныстырып, оларды орындау барысы жөнінде баяндама жасады. Әкім өз сөзінде Елбасы Жолдауы қазақстандықтардың әл-ауқаты мен тұрмысын жақсартуға, ел экономикасының өсуі жолын айқындаған маңызды құжат екендігін атап өтті.

Одан соң аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Т.Тынынбаев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ә.Қауметов, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ басшысы Д.Жапаров, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары М.Кизаева және «Жастар ресурстық орталығы» басшысы Ц.Мамбет баяндама жасады.

Ал, Шортанды ауданы бойынша статистика басқармасының басшысы Л.Кортункова алдағы 2019 жылы өткізілгелі отырған жалпы халық санағына дайындық жөнінде баяндап, санақты ойдағыдай өткізу үшін атқарылып жатқан жұмыстар барысымен таныстырса, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Қожамсейітов жергілікті партия ұйымдарының жиналысын өткізу жоспарымен таныстырды.

Новости в Вашем регионе