Жол жөнделіп, жедел жәрдем станциясы орнайды

29 қаңтар күні аудан әкімі Гүлнұр Сәдуақасованың халық алдында есеп беру кездесуі Новоселовка ауылдық округі мен Жолымбет кентінде өтті. Есепті кездесуге аудан әкімнің орынбасарлары, аудан әкім аппараты басшысы, құқық қорғау органдарының өкілдері, дербес бөлімдердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Таңертеңгілік кездесу Новоселовка ауылдық өкіругінде болды. Кездесуде Новоселовка ауылдық округінің әкімі Сандыбаев Қуандық округтің 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен 2019 жылға алға межелеген міндеттері жөнінде баяндама жасады.

Новоселовка ауылдық округі аумағында төрт елді мекен бар олар. Новоселовка ауылы, Ошақ ауылы, Новопервомайск ауылы, Қаратөбе ауылы. Жалпы округте 1060 жуық адам тұрады. Округ аумағындағы «Новоселовка» ЖШС және 10 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Білім беру бойынша Новоселовка орта мектебі мен Новопервомайск негізгі мектебі жұмыс жасайды. Денсаулық сақтау саласы бойынша тек Новоселовка ауылында ФАП болса, қалған шағын ауылдарда медқызметкерлер тұрғындарды үйлерінде қабылдайды.

 

Одан соң Новоселовка орта мектебінің директоры Айтбаева Әсем Жолдыбаева, Новоселовка ФАП медбикесі Кап Аманбол, учаскелік полиция Файзулла Абылайхандар өз салалары бойынша баяндамалар жасады.

Есеп беру кездесуі барысында Гүлнұр Әнуарбекқызы биылғы жылы аудан алдында тұрған міндеттер туралы ақпараттандырды. Сонымен қатар Шортанды ауданының 80 жылдық мерейтойлық медалімен зейнеткер Жұмағұлов Қайырбек Айтжанұлын, «Қаратөте» ШҚ басшысы Биллер Антон Антоновичті, Новоселовка орта мектебінің директоры Айтбаева Әсем Жолдыбаеваны және Новоселовка орта мектебінің ұстазы, ардагерлер кеңесінің төрайымы Головкина Вера Ивановнаны марапаттады. Сонымен қатар бірқатар тұрғындарға аудан әкімінің және ауылдық округ әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

Түстен соң аудан әкімі Гүлнұр Сәдуақасованың халық алдында есеп беру кездесуі Жолымбет кентінде жалғасты. Жолымбет №1 орта мектебіне жиналған жұрттың қарасы да көп болды. Жолымбет кенті әкімі Еркін Үсембайұлы Әуезханов 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен 2019 жылға алға межелеген міндеттері жөнінде баяндады.

Жолымбет аудандағы ең озық өндірісті ошақтардың бірі. Мұнда «Қазақалтын ТКК» АҚ Жолымбет филиалы жұмыс жасайды. Жалпы кентте тұрғындар саны 4400-ге жуықтайды. Кентте 97 сауда-саттық нүктелері тіркелген. 2 мектеп, 1 ясли-бақша, дәрігерлік амбулатория тұрғындарға қызмет етеді.

Кент әкімінің есебінен соң «Қазақалтын ТКК» АҚ Жолымбет филиалының директоры Жолдығазинов Жанат Төлегенұлы, Жолымбет №2 орта мектебінің тәрбие ісі бойынша директрдың орынбасары Әмет естай және Жолымбет кенті полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Жинов Вадимдер баяндама жасады.

Одан соң аудан әкімі биылғы жылы аудан алдында тұрған міндеттер туралы ақпараттандырды. Жолымбеттіктерді қуанышқа бөлеген ақпарат биыл Шортанды-Жолымбет бағтындағы жол жөндеуден өтіледі және Жолымбет кентінде жедел жәрдем станциясы ашылады деген жаңалық болды. Тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

Сонымен қатар аудан әкімі Гүлнұр Әнуарбекқызы жекекәсіпкер, спорт жаттықтырушысы Менкенов Амангелді Жарылқасынұлын, жекекәсіпкер, аудандық мәслихаттың депутаты Мұқанова Ғалиябану Есенқызын, Жолымбет №2 орта мектебінің ұстазы мәуленбергенова Сайран Рашитқызын, «Қазақалтын ТКК» АҚ Жолымбет филиалының директоры Жолдығазинов Жанат Төлегенұлын, жекекәсіпкер, ардегерлер кеңесінің төрағасы Шайфулин Галымжан Шариповичті, «Қазақалтын Logistik» ЖШС директоры Оспанов Ғибадулла Дүйсенұлын Шортанды ауданының 80 жылдық мерейтойлық медалімен марапаттады.

Новости в Вашем регионе