ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

«Құрылыс жұмыстары көз қуантады. Теп-тегіс жолда жүрген оңай»

Жарқайың ауданының әкімшілік орталығы Державинск қаласының қазіргі таңда тынысы кеңейіп, одан әрі көріктене түсті. Абаттандыру жоспары аясында көшелерге асфальт төселіп, автомобиль жолдары жөндеуден өтуде. 
Қанат Оспанғалиев бірнеше жылдан бері шаһарда такси жүргізуші болып, нәпақасын табуда. Күнделікті жүретін жолының жөнделіп жатқанына қуанышты. «Құрылыс жұмыстары көз қуантады. Теп-тегіс жолда жүрген оңай», - деген ол игі жұмыстың басы-қасында жүрген азаматтарға алғысын білдірді. 
Қанат Оспанғалиев, Державинск қаласының тұрғыны:
«Мәлік Ғабдуллин көшесін жөндеп жатқаны жақсы болды. Бұрынғыға қарағанда қәзір жақсырақ, халыққа ыңғайлы. Халық игілігі үшін бәрі болып жатыр, баршаға рахмет. 
Қала көшелерін жөндеуге облыстық қазынадан қаржы бөлінген. Жалпы 44 шақырым қала жолдарының 12 шақырымы күрделі жөндеуден өткізіледі. Тозығы жеткен жолдардың жаңартылуына қала тұрғындары дән риза.

Новости в Вашем регионе