Жазғы тілдік курстар ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында еліміздегі өмір сүріп жатқан халықтардың мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарайтын, үш тілді еркін меңгерген, көпмәденилік тұлғаны тәрбиелеу ісіне көп мән беріледі. Бұл мемлекеттік бағдарлама аясында тілдерді үйрену ісіне ерекше көңіл бөлінуде.

Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда.

Үстіміздегі жылдың наурыз айында Польша Республикасы, Краков қаласы, Пекары кентіндегі «Radosna Nowina 2000» жалпы білім беру лицейі мен Шортанды № 3 қазақ орта мектебі арасында әріптестік орнату жөнінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жасалған меморандумның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев белгілеген басымдықтарды іске асыру мақсатымен мемлекеттің интеллектуалды элитасын қалыптастыру, білім сапасын қамтамасыз ету мақсатында тиімді ынтымақтастық жасау және еңбек нарығында қажетті, бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлау және білім бағдарламаларын іске асыруды көздеді. Аудан әкімі Г.Сәдуақасованың қолдауымен, ресми сапармен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Кауметов Әділ Мақсатұлы және мектеп директоры Анесий Азамат «Radosna Nowina 2000» жалпы білім беру лицей өмірімен танысу мақсатында барып, Меморандумға қол қойған еді. Барған өкілдеріміз алдағы уақытқа жоспарланған ғылыми-әдістемелік семинарларға, ғылыми-практикалық конференциялар, ұйымдастырған басқа да шараларға қатысу, тараптардың жинақтаған тәжірибесі мен білімімен алмасуы жөнінде пікірлер алмасты.

Ынтымақтастық Меморандумның арқасында «Radosna Nowina 2000» лицейінің түлектері шілде айынан бастап, ауданымыздың жақын арадағы 60 оқушыға қазақ, ағылшын, поляк тілдік курс ауысымын ұйымдастырып отыр. Жазғы тілдік мектеп кезінде, жас ерекшеліктері бойынша және 8 топ құрылды – 4 топ поляк тілін оқыту, 3 топ- ағылшын тілін оқыту және 1 шығармашылық топ. Жазғы тілдік мектептің мақсаты: қатысымдық құзыретті жетілдіру, шет тілін оқуға уәждемені арттыру және оқушылардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін дамыту.

Жазғы тілдік мектептің міндеті: тілдік дайындық деңгейіне сәйкес орта білім беретін мекеме оқушыларының зияткерлік қабілетін дамыту, шығармашылық-жобалық және оқу-зерттеулік қызметі аясында білім алушылардың ішкі әлеуетін дамыту, оқытылатын тіл елдерінің және туған лингвоэтномәдениет салттары және дәстүрлерімен таныстыру арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту.

Новости в Вашем регионе