Жасыл шырша мерекесі

Жаңа жыл - әрбір баланың асыға күтетін мерекелерінің бірі.  Жаңа жылдан жақсылық пен шаттық күткен сәби жүрегі үшін мейірімді Аяз ата дидары мен оның сиқырға толы ғажайып әлемі, сыйлықтары үлкен қуаныш. 24 желтоқсан күні Шортанды №3 қазақ орта мектебінде көп балалы, қамқорлығынан айырылған, тұрмысы төмен отбасыларының балаларына арналған әкім шыршасы өтті. 
 

Жарқыраған жасыл шырша, қуаныштан жүздері бал-бұл жанған балғындар. Келер Жаңа жыл мен Аяз атаны сағына күткенін олардың қуанышты сәттерінен-ақ байқауға болады.Аталмыш мерекеге биыл аудан бойынша 36 балғын шақырылған. Жасыл шырша мерекесінде ертегі кейіпкерлері, Аяз ата мен Ақша қар балаларды жаңа жылдарымен құттықтай келіпті. Жиналған балаларды аудан әкімінің орынбасары Ерлан Мұхамедин құттықтап, келе жатқан жаңа жылда жақсылық пен табыс тіледі.
Балғындар жасыл шыршаны айнала би билеп, шырқай ән салып, жұмбақтар шешіп, түрлі ойындар ойнады. Мереке соңында балғындарға аудан әкімінің бағалы сыйлықтары мен жаңа жыл дорбасы табыс етілді.
 

Новости в Вашем регионе