Жартылай дайын өнімдер цехы ашылды

Қазақстанның елордасы - Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында Бозайғыр ауылында "Лисман" жеке кәсіпкерлігі жартылай дайын өнімдер өндірісі бойынша цех ашты. 5 шілде күні аталмыш цехтың ашылуы салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ерлан Мұхамедин қатысып, табысты істің басталуын көрсететін дәстүрлі қызыл лента қиылды.

Бұл жоба Астана қаласындағы қолданыстағы өндірісті кеңейту және ауданға көшіру мақсатында жүзеге асырылды. Кәсіпорын бөлшек сауда дүкендері үшін тоңазытылған түшпаралар, хинкали өндіреді. Олардың өнімдері астана тұрғындарына жақсы таныс.

Кәсіпорын тәулігіне 600-1000 кг өнім шығаруға есептелген және бірнеше цехтан тұрады: ұн илеу цехы, түшпаралар, хинкали өндірісі үшін цех және автоматты қаптау цехы. Бозайғыр ауылында бұл кәсіпорынның ашылуы 20 жуық жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік жасайды.

Новости в Вашем регионе