Жарқайың ауданының әкімі

Өмірбаян

Мұрат Сағатұлы Балпан,  ұлты қазақ,  Ақмола облысының Ақкөл қ. 1970 жылы 9 наурызда дүниеге келген.  1989 жылы «техник-технолог» мамандығы бойынша Целиноград машина жасау техникумын, 1997 жылы «инженер-экономист» мамандығы бойынша Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университетін және Абай Мырзахметов  атындағы Көкшетау университетін бітірді.

Еңбек жолы:

1989-1991 ж.ж. - Кеңес Одағы Әскерінің қатарында әскери борышын атқарды.

1991-1994 ж.ж. - Ақмола облысы  Ақкөл ауданы «Хлебороб» совхозының токарь, бригадирдің көмекшісі, СТФ бригадирі.

1994-1998 ж.ж. - Ақмола облысы Ақкөл ауданының Наумовская ауылдық әкімшілігінің басшысы.

1998-1999 ж.ж. - Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- бақылау бөлімінің консультанті.

1999-2000 ж.ж.  - Ақмола облысы Целиноград  ауданының әкімі аппаратының басшысы.

2000-2008 ж.ж. - Ақмола облысының Ақкөл ауданы әкімінің  орынбасары.

2008-2009 ж.ж. - «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының құрылымдық бөлімінің басқарушылық лауазымдарында жұмыс істеді.

2009-2011 ж.ж. -«Бәсекелестік саясатын дамыту мен қорғау Орталығы» АҚ департаментінің директоры.

2011 ж.-  Бәсекелестікті қорғау бойынша ҚР Агенттігінің мемлекеттік органдардың  бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін тергеу басқармасының бастығы.

2011-2012 ж.ж.  - Қостанай  мен Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша  ҚР Агенттігінің бәсекелестікті қорғау жөнінде  Өңіраралық инспекциясының бастығы.

2012 -2014 ж.ж. - Ақмола облысы Бұланды ауданының  әкімі.

 2014-2015 ж.ж. - Ақмола облысының  кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары.

2015 ж. -  2017 ж.23.11.    -  Ақмола облысының  ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

2017ж.23.11-Жарқайың ауданының әкімі

Үйленген. Жұбайы- Саян Әбдікәрімқызы Балпанова, 1970 ж.т. 

Үш ұлдың әкесі: ұлдары-Ерлан, 1994 ж.т., Қорлан-1996 ж.т.,  Даниал-2007 ж.т.

Новости в Вашем регионе