Жаңа талаптарға сай білім беру

Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын.

Менің ойым біз ағылшын тілін үйренгеннен мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл – ұлт тілі. Мемлекеттік тілде сөйлеу - әрбір Қазақстан азаматының борышы. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білу керек. Ия шыныменде ағылшын тілі қазақ жерінде өз үстемдігін жүргізе алмайды. Қазақстанда тек қазақ тілі ғана билік құра алады. Ағылшын тілі – қазақ жерінің жаңа әлемге ашар есігі. Үштілділікті үрейлі кейіпте елестететін кейбір жерлестеріміз « ағылшын тілің үйренсек өз тілімізді жоғалтамыз» деген ойын жасырмайды. Жоқ! Біз өзге тілдерден қорықпауымыз керек. Керісінше, сол тілдерді пайдалана отырып өзімізді өзгелерге таныта білуіміз қажет. Мысалға айтсақ, М.Әуезовтың  «Абай жолы» романы ағылшын тіліне аударылмаса Абайдай ғажап ақынымызбен қалай мақтанар едік. Бүгінде осы үштілділікті қолдау, қолдану мақсатында біз, мұғалімдер  өз үлесімізді қосуға, оқушыларға  аталған жаңа талаптарға сай білім беруге бір кісідей атсалысамыз.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ағамыз қолға алып, Республика бойынша қала, аудан, ауыл мектептерінің ұстаздарының жаппай ағылшын тілінде оқытып жатыр. Сол тілдік курсты менде 2017 жылы 3 ай бойы А1 мен А2 деңгейіне оқысам 2018 жыл 4 ай В1,В2 деңгейін қорғадым, жалпы алғанда 7 ай көлемінде ағылшын тілінде өз білімімді шындадым. Қазіргі таңда жаңа оқу жылына дайындық басталып кетті, жаңа оқу жылында жаңа бастамалармен бастамақ ойымыз бар. Мемлекетіміздің өскелең жас ұрпағын жаңа білімге, өз пәнімді ағылшын тілінде білуге үйретпекпін. Елбасымыз біз секілді жас мамандарға үміт артып жаңа бастамалар бастап отыр. Сол үмітті ақтауға бар күш жігерімді саламын. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз.

Новости в Вашем регионе