Жаңа оқу жылына дайындық

Міне, бірнеше күннен соң жаңа оқу жылы да басталып, күміс қоңырау күні сыңғырлайды. Осыған орай қазіргі күні барлық білім беру мекемелерінде жаңа оқу жылына дайындық қызу жүргізілуде. Шортанды №3 орта мектебінде де дайындық қызу.

Биыл Шортанды №3 қазақ орта мектебі үшін жаңа оқу жылы мерейлі мерекемен басталмақ. Шортанды кентінде алғаш рет 1998 жылы қазақ мектебі ашылып, мемлекеттік тілде білім бере бастады. Содан бері аттай 20 жыл уақыт көшімен сырғып өтті. Биыл аталмыш мектепке 20 жыл. Осыған орай жаңа оқу жылына мектеп ұжымы қызу дайындық үстінде.

Мектеп айналасын көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары жаз бойы жүргізілген. Бүгінге дейін мектеп айналасына 60 шырша, одан бөлек қайын, алма ағаштарының көшеттері отырғызылған. Мектеп айналасындағы арамшөптер оталып, шабылған. Мектеп ішінде де сыныптар мен дәлізде ақтау, бояу жұмыстары жүргізілуде.

Жаз бойы мектеп ауласынан 50 жуық машина күл-қоқыс шығарылып, 20 машинадай тың топырақ төселген. Мектеп алдына гүлдер отырызылып, жаз бойы күтілуде. Болашақта мектеп ауласынан оқушылар тынығатын саябақ ашпақ ойымыз бар дейді мектеп әкімшілігі.

Алдағы жиырма жылдыққа мектеп ұжым болып жұмылуда. Бұл біз үшін үлкен мереке. Мектеп тек білім беретін мекеме ғана емес өзінің әрбір ісімен өзгелерге, болашақ ұрпаққа үлгі бола білуі керек дейді олар.

Новости в Вашем регионе