Ветеринариялық алдын алу іс-шаралар бойынша тексеру

Ағымдағы жылдың 7 тамызында «Ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі Новокубанка ауылдық округінің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріндегі ірі қара малдың нодулярлық дерматит ауруына қарсы клиникалық тексерісін өткізді.

Клиникалық тексеру барысында нодулярлық дерматит ауруы анықталған жоқ. Ветеринарлық-профилактикалық іс-шараларға ҚР АШМ ААИ ВБ және ҚК басшысы Б.К.Аубакиров, «Шортанды Ветсервис» ШЖҚ МКК басшысы М.Т.Мұқашов, бас мал дәрігері А.П.Подгурский, Новокубанка ауылдық округінің мал дәрігері Б.Т.Ержанов, «Новокубанка» ЖШС басшысы Я.Г.Бельц қатысты. «Ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Көңбай Өзгеріс жұқпалы ауру нодулярлық дерматиттың ерекшіліктерін түсіндірді.

Нодулярлы дерматит (Dermatitis nodularis bovum, бұлдырмақ ісік) - мүйізді ірі қара малдың өте жұқпалы вирустық ауруы, дене қызбасымен, теріде көптеген түйіншектер пайда болуымен, лимфадениттің жайылуымен, сүттің суалуымен, тері асты шелінің домбығуымен, көздің және тыныс алу мен ас қорыту жүйелері кілегейлі қабықтарының зақымдануымен сипатталады.

Аурудың клиникалық белгілері. Аурудың таралуы түйінді дерматит жасырын кезеңі 28 күн. Әртүрлі зерттеушілер деректері бойынша аурудың жасырын кезеңі 3-30 күн, жиі 7-10 күн аралықтар ауытқиды. Алғашқыда вирус енген жерінде көбейеді, кейін қанға, әрі қарай сезімтал жасушаларға енеді. Ауру жануарларда белгіленген: ұзақ қызба, депрессия, тәбеті төмендеген, тыныстану жиілеген, тахикардия, ауыз және танау қуыстарында гиперемия. Көзден сулы ағындылар, шырыштыға айналып, кепкеннен кейін қабыршақ түзейді. Қабақта эрозия және ойық жаралар пайда болады. Конъюнктивит тіркелген, қасаң қабық лайланып соқырлыққа әкеліп соғады. Кенет НД кезінде түйіндер мойын, дене, аяқтар, іш, шап пен шат, ұма, тұмсық, желін және көз айналасы терісінде табылады. Дененің жеке аймақтарында түйіндердің қосылуы болады. Зақымдалған тері ауырсынады. Ауру жануарлар дене массасынан айырылады. Инфекция қансорғыш жәндіктер (масалар, шыбындар т.б) арқылы беріледі сондықтан сулы және батпақты жерлерде мал жаюды шектеу керек.

Ірі қара малда ауру белгілері анықталған кезде дереу аудандық ветеринарлық қызметке хабарлау керек.

Новости в Вашем регионе