Үздік болғың келсе – еңбегіңді шыңда!

Биылғы жылғы балабақшалар арасындағы өткізілген аудандық «Үздік педагог-2018» байқауында Бозайғыр ауылында орналасқан «Бөбек» балабақшасы білім және «Болашаққа бағдар - Рухани жаңғыру» тақырыбын таңдау арқылы ерекше дараланып, үздік нәтиже көрсеткендігін үлкен қуанышпен айтып, жеткізгім келеді.

Бұл біріншіден басшымыз Даитова Ғалия Төлешқызының жоғары деңгейдегі басқару қасиеті болса, екіншіден тыңбай еңбек етіп, үнемі тәрбиешілерге қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп отыратын балабақша тәлімгері Асқарова Ботакөз Тәңірбергенқызының тәрбиешілерге деген өзіндік ыстық ықыласы мен қарым-қатынасының нәтижесінің арқасындағы біріккен жұмыс бағытындағы шынайы жетістіктері.

Осы үздік педагог байқауында арнайы балабақшадан дараланып шыққан тәрбиешілердің бірі Ғалымова Фарида Өтегенқызы өзін-өзі дамыту, іздену, талпыну, білімін шыңдау әрекеттері бойынша үлкен дайындығының арқасында белсенді атсалысып, «Рухани жаңғыру» негізін барлық тапсырмалар бойынша жеке дара үздік деңгейде алып шықты.

Бұл жалпы «Бөбек» балабақшасы Елбасымыздың тапсырмасын үнемі қолдап, сол бағыт бойынша еңбек ету, яғни ұлттың сана-мәдениетін қалыптастыру негізінде рухани жаңғыруды нақты қолға алуының белгісі деп білемін. Еңбектеріңіз жана берсін «Бөбек» балабақшасы!

Новости в Вашем регионе