Ұстаз – мектептің жүрегі

Аудандық мәдениет үйінде ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда үлесі орасан ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – мектептің жүрегі» салтанатты іс-шара өткізілді.

Аудан әкімінің орыбасары Ерлан Мұхамедин ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өз сөзінде білім беру жүйесінде енгізіліп жатқан өзгерістердің мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін әрі қарай жетілдірудің негізі болатындығын атап өтті. Әрі қарай мерекелік іс-шара марапаттау рәсімімен жалғасты. Алғашқы болып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі және орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізуге белсенді қатысқаны үшін Шортанды № 3 қазақ орта мектебінің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Рашатхан Айнагүлге алғыс табыс етілді, кейін Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Степной орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Вера Райнгольдовна Риве, Дамса орта мектебінің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Галина Анатольевна Двоеглазоваға табысталды, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі құрмет грамотасымен білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін Шортанды №2 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Наталья Викторовна Коршунова, Республикалық маңыздағы құрмет грамотасымен Шортанды №2 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Наталья Николаевна Самофалова марапатталды. Ақмола облысы білім басқармасының құрмет грамотасымен Новоселовка орта мектебінің мұғалімі Матан Зоя, «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі Н.С.Капарулина, Пригородное орта мектебінің мұғалімі Н.В.Борьково, Шортанды балалар музыка мектебінің ұстазы Т.О.Березникова, Төңкеріс негізгі мектебінің математика пәнінің мұғалімі Т.Н.Матвеева марапатталса, Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаты Жолымбет №2 орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.И.Павловаға, Новокубанка орта мектебінің мұғалімі Л.В.Буслерге, «Балауса» ясли-бақшасының тәрбиешісі К.Ф.Алексееваға, «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі А.Ж.Мергенбаеваға, Институт орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Лесничаяға, Жолымбет №2 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Озат Өсиетке, Шортанды № 3 қазақ орта мектебінің орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Д.А.Жұманова, облыстық білім басқармасы жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргіззу жөніндегі облыстық оқу әдістемелік орталығының» алғыс хаты Шортанды № 3 қазақ орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Амантай Нұрболға табыс етілді. Білім саласын жетілдірудегі және ұйымдастырудағы табыстары, білім беру және тәрбиелеу бағдарламаларын жүзеге асырудағы елеулі еңбектері үшін Шортанды ауданы әкімінің алғыс хатымен Бозайғыр орта мектебінің диреторы М.А.Жұманов, Жолымбет № 2 орта мектебінің директоры С.Р.Мәулімбергенова, «Айгөлек» ясли-бақшасының меңгерушісі В.А.Фомина, Шортанды №1 орта мектебінің ұстазы Н.И.Костоглод, Жолымбет балалар шығармашылық үйінің оқытушысы Т.И.Шешолина, Раевка орта мектебінің оқу ісі жөніндегі директорының орынбасары К.К.Қожахметова, Жолымбет №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Г.Қ.Жолдығазинова, Бозайғыр орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.Ж.Сманова, «Ботагөз» балабақшасының тәрбиешісі К.Г.Жүнісова, Новокубанка орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б.С.Кулекин, Новоселовка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Сәрсенби Ақынбай, Институт орта мектебінің директоры С.Г.Волчек марапатталды.

Мерекелік іс-шара ауданның білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлерінің арасындағы «Ал, біз билейміз» би байқауымен жалғасты. Твист биінен өнер көрсеткен жұптарға әртүрлі сипаттағы мадақтамалар мен сыйлықтар табыс етілді. Байқаудың бас жүлдесі Раевка орта мектебіне бұйырса, 1-орынды Шортанды №3 орта мектебі ұтып алды, 2-орынға Елизаветрадская негізгі мектебінің намысын қорғаушылары табан тіресе, 3-орын «Қайнар» балалар мен жасөспірімдер клубының тәлімгерлерінің еншісінде кетті.

Новости в Вашем регионе