Юлия - олимпиада жеңімпазы

Шортанды №2 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Юлия Муратова ашық республикалық TOPJARGAN интернет-олимпиадасына қатысып, "математика" номинациясында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жүзден астам оқушылардың арасынан жеңімпаз атанды.

Балғын жас үздік оқып, көптеген байқаулар мен олимпиадаларға қатысып отырады. Бос уақытында кітап оқығанды жақсы көреді және "Оригами" студиясында би өнерімен айналысады.

"Болашақта білімімді Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде жалғастырғым келеді. Әрине, ол жерде оқу оңай емес. Бірақ мен жақсы оқуға тырысамын"- дейді Юлия.

Арманы туралы сұраққа ол былай дейді: "Италияға барғым келеді. Римнің басты көрікті жері - Колизейді көруді армандаймын. Сонымен қатар Леонардо да Винчидің ғылым мен техника музейіне де барып, ғалым жобалаған көлік құралдарын тамашалайтын едім".

Айта кетсек, TOPJARGAN олимпиадасына Қазақстанның барлық аймақтарынан оқушылар мен студенттер қатысты.

Новости в Вашем регионе