Тыңның бас агрономы

Александр Иванович Бараев 1908 жылы 16 шілдеде Петербургта теміржол жұмысшысының отбасында дүниеге келген. Самара дәнді дақылдар институтын үздік бітіріп, ол өз өмірін егіншілік ғылымына тұтастай арнаған.
Институт бітіргеннен кейін ол Орталық Волгада Ленинск астық совхозында бөлімше басқармашысы, Куйбышев облысының астық совхозында агроном, Безенчук тәжірибе станциясында ғылыми қызметкер болып еңбек етті. 1936 жылдан бастап Уральск ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында директор болып қызмет атқарды. Оның басшылық еткен жылдарында станцияда қар тоқтату сұрақтары кеңінен зерттелді, топырақты әртүрлі өңдеу тәсілдеріне зерттеу жасалды, мұнда эрозияға қарсы өңдеудің кейбір элементтері дайындалды.

1953 жылы Бараев Казақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының директоры болып тағайындалды. 1956 жылы Целиноград облысы Шортанды тәжірибе станциясының базасында тың және тыңайған жерлерді игеру ортасында Үкіметтің тапсырмасы бойынша А.И.Бараев жаңа құрылған Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы институтын (ВНИИЗХ) басқарды. Дәл осы жерде таяудағы он жылда топырақты қорғау егіншілік жүйесінің негізгі элементтері жасалды, ауыл шаруашылығы ғылымының жаңа бағыты пайда болды.

Тың игеру топырақты соқасыз технологиясы бойынша өңдеуге жаңа жол салды. Бірақ, осы жаңа жол тартысты күрестерден тұрды. Бараев егіншіліктің топырақты қорғау жүйесін теңдесіз насихатаушы болды. Ол оны қолданудың оңтайлы үлгілері туралы айтудан жалықпайтын. Әрине, оны бәрі бірден қолдап кеткен жоқ, бірақ табиғат оның жағында болды — 60-жылдардың басында қара топырақтың қабатын тозаңды сөзбе жалмады. Осылай 1962 жылы Қазақстанда жел эрозиясына топырақтың жеті миллион гектары ұшырады. 1965 жылы жел эрозиясы Қазақстан жерлерін ғана емес, Алтай өлкесін, Башкирияны, Калмыкияны, Поволжьені және Россияның басқа да облыстарын жаулады. Міне, сол кезде көпшілік Бараев жүйесін ауыл шаруашылығы өндірісіне жаппай енгізуге ден қоя бастады.

Биылғы жылдың 16 шілдесінде белгілі кеңес агрономы, топырақты қорғау егіншілік жүйесінің негізін қалаушы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ВАСХНИЛ академигі, Ленин сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері, атақты Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы институтының бірінші директоры А.И.Бараевтың туғанына 110 жыл толады.

Новости в Вашем регионе