Тәуелсіздік-қасиетті ұғым

Тәуелсіздік — кешегі бабаларымыздың аңсауы, бүгінгі жастардың қол жеткізген ұлы жетістігі. Тәуелсіздік - қазақ халқы үшін қасиетті де құдіретті ұғым.
 

Біздің ата-бабаларымыз осы тәуелсіздік жолында толарсақтан саз кешіп, қорамсағына жебе сайлап, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен туған жері мен елін қорғап талай ғасыр күресті. Еліміз тек толыққанды тәуелсіздікке 1991 жылы жетті.  Бұл күн қазақ халқы үшін ұмытылмас сәт, зор қуаныш болды.  Ал, осы елді гүлдендіру,  тәуелсіздікті ұстап тұру,  біздің  міндетіміз. Біз осындай өр бабаларымызбен, тәуелсіз елімізбен қалай мақтанбаймыз.
Қазақта «Отансыз адам - ормансыз бұлбұл сияқты» деген нақыл сөз бар. Біздің Отанымыз бұл -  Тәуелсіз Қазақстан. Мен осы елде тудым, осы елде ер жетемін, Отаным үшін аянбай еңбек етемін. 
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
 

Новости в Вашем регионе