Су тапшы

Атырау облысында судың тапшылығынан орман алқаптары қурап барады. Тіпті, жасыл белдеудегі топырақ құрғап, кей жерлерді қуаңшылық басқан. «Жайық өзенінің сағасы тарылып, ернеуі толмағаннан кейін, орман оталып барады»,- дейді мамандар.

Оған басты себеп Жайық өзенінің таяздануы. Су тапшы болған соң,  бір кездегі жайқалған  теректер  бүгінде қу ағашқа айналған. Орманды оңалту үшін енді мамандар жасыл белдеуге су жіберіп, жағдайды түземек

МЕРЕКЕ ШАЛҚАРОВ, Атырау облыстық орман шаруашылығы инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы: 

«Бұрын мына сай-салалардың ішінде сумен тұрды, бұлар. Енді 2006 жылдан бері бұларға көп су келгенін көрген де жоқпыз. Ғылыми қызметкерлер келіп, зерттеу жұмыстарын жүргізген. Солардың берген қорытындысында Жайық өзенінен су келмеуі, жер асты суының төменге кетіп қалуы»,- деп дәлелдеме қорытынды шығарды.

Жайықтың арнасы жыл санап тарылып барады. Мәселен, биылғы көктемде өр суы өте аз болды. Бұл жайсыздықты жауаптылар, табиғи факторлармен байланыстырады.

 ҒАЛИДОЛЛА АЗИДУЛЛИН, Республикалық Жайық-Каспий бассейіндік инспекциясының басшысы:   

 «РФ-сы судың бәрін ұстап қалып жатыр, бізге су бермей жатыр деген.Бұл теріс түсінік. РФ-мен 92 жылы ең бірінші келісім жасақталды.2010 жылы ол келісім жаңартылды. РФ-сы бұл протоколды бұзып, суды аз жіберіп отырған ештеңесі жоқ. Біз оны бақылауда ұстап отырмыз».

 Аймақтағы орман қоры қазір  52 мың гектардан асады. Соның 15 мыңы жасыл белдеу алқабына тиесілі. Мамандардың айтуынша, 600 гектар  жердегі ағаштың бәрі қурап біткен.

НҰРГҮЛ ҚАЛИЕВА, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысының орынбасары :

«Орман қоры жерлерін қураудан сақтау үшін, ормандардағы тоғандарға, су беруді түрлі насостар арқылы қарастыруды ұсынатын боламыз, алдағы уақытта».

Жайықтың суын молайту үшін, жүйелі жұмыстар қазірден басталды. Болжам бойынша, 6 млрд текше метр  су өзенге құйылуы тиіс. Жайықтың шырайы кірсе жағадағы шаруашылықтардың да өріс алатыны анық. 

Новости в Вашем регионе