«Smart сот» жобасын жүзеге асыру туралы

Жоғарғы Соттың "Smart сот" жобасын жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысының Шортанды аудандық сотында заманауи ақпараттық технологиялар енгізіліп, қолданылуда және оларды одан әрі дамыту үшін барлық шаралар қабылдануда.

Шортанды ауданының барлық ауылдық округтерінде веб камералар орнатылған, олар сотқа бармай-ақ тараптарға сот отырыстарына қатысуға мүмкіндік береді.

Шортанды аудандық соты халыққа "Сот кабинеті", "Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы", "бейнеконференцбайланыс", "TrueConf" электронды сервисінің қызметтері туралы түсіндіру мақсатында ақпараттық баннер, сот процесіне қатысушыларға материалдық шығындарды қысқартуды және уақытты үнемдеуді қамтамасыз ететін "TrueConf" тегін қосымшасын орнатты.

Жаңа технологиялар соттарда өз тиімділіктерін және қолдануға ыңғайлығын, қолжетімділігін, сот төрелігі ашықтығын дәлелдеп келеді.

Новости в Вашем регионе