Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде «Нұр Отан» партиясының Шортанды аудандық филиалында сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы мәдениет пен «нөлдік төзімсіздікті» қалыптастыру жөнінде дөңгелек үстел түріндегі кездесу өтті.

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде «Нұр Отан» партиясының Шортанды аудандық филиалында Шортанды ауданының Кәсіпкерлер палатасымен бірлескен аудан кәсіпкерлері, шағын және орта кәсіп өкілдерінің қатысуымен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» түсіндіру, сонымен қатар халық арасында сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы мәдениет пен «нөлдік төзімсіздікті» қалыптастыру жөнінде дөңгелек үстел түріндегі кездесу өтті. Кездесуге Шортанды аудандық прокуратурасының прокуроры М.Е.Сәрсембаев қатысты.