Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау – біздің жалпы ісіміз

11 тамызда аудан әкімдігінің мәжілістер залында аудан әкімнің орынбасары А.Қ.Қайыржановтың төрағалығымен Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі Ұлттық бюросы Департаменті басшысының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қымет) м.а. Б.Ұзынжастың қатысуымен, Шортанды ауданының жергілікті атқарушы органдарының еңбек ұжымдарымен кездесу өтті.

Кездесу барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін мән – жайларды және басқа да заң бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсыныс қаралды, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтың алдын алу мәселелері сипатталды.

Бұл тәжірибе қазіргі кезде тұрақты негізінде енгізілген, енді қылмыстық істерді тергеу кезінде анықталған әрбір құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдер мемлекеттік органдардың ұжымдарында талқылау мәні болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, МҚІжСЖҚАД басшылығының тікелей қатысуымен, сондай – ақ жұртшылық пен БАҚ өкілдерін шақырумен қаралады. Көрсетілген іс – шараның мақсаты мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін қайталап болуын болдырмау болып табылады.

Кездесудің қорытындысы бойынша органдардың қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, бюджет қаражатты тиімді пайдалануға, қолданыстағы заңнаманы сақтауға бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізілді. Бұдан басқа, ауданның мемлекеттік қызметшілерінің назарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыс, азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламасы үшін әрекет ететін ынталандыру институты туралы ақпарат жеткізілді, сондай – ақ тематикалық бейнероликтер көрсетілді.

Новости в Вашем регионе