Шуақ шашылған күн

Әйел – тіршілік тұтқасы, отбасының жылуы, әдемілік пен сұлулықтың символы. Сұлулыққа сұқтанбау мүмкін бе? Нәзік жандылардың бойындағы әдемілік мына өмірді де әдемі ете түседі.

Әйел – тіршілік тұтқасы, отбасының жылуы, әдемілік пен сұлулықтың символы. Сұлулыққа сұқтанбау мүмкін бе? Нәзік жандылардың бойындағы әдемілік мына өмірді де әдемі ете түседі.

8-наурыз – халықаралық әйелдер мерекесіне орай аудан орталығындағы мәдениет үйінде салтанатты шара мен мерекелік концерт болып өтті.

Аудан әкімі М.С.Тәткеев өзінің құттықтау сөзінде әйел-аналардың қоғамымыздағы алар орнының айырықша екендігіне тоқталды. Әйел тек отбасының шырайы емес, тәуелсіз еліміздің бір тірегі болып табылады.

Өңір басшысы жүректері жылылық пен мейірімге толы еңбеккер әйел- аналардың еңбекте озат болып қана қоймай, жанұядағы парызын есте сақтап, бала тәрбиелеп, заман ағымынан қалыспай отырғандықтарын да тілге тиек етті.

Нәзік жандыларды мерейлі мерекелерімен құттықтаған Малғаждар Сәттарұлы оларды Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапаттады. Салтанатты шара көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен болған мерекелік концертке ұласты.

Новости в Вашем регионе